2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 274-299-қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.31.12. № 197ааб қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң тауарлар экспорты мен импорты туралы деректерiн жедел өңдеу жағдайын қамтамасыз ету, экспорттық бақылау саласында бірыңғай республикалық бақылау-ақпараттық жүйесiн құру және дамыту, Қазақстан Республикасындағы Экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiнiң (бұдан әрi - ЭБАЖ) жұмыс жасасуын және тиiмдiлігін арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының iшкi сауда қызметiнiң тауарлар мен елдер бойынша көрсеткiштерiнiң талдауын жүргізу жөніндегі бағдарламалық өнiмдi әзiрлеу және енгізу, ЭБАЖ жүйесiн қалыптастыру үшiн жаңғырту және жағдайлар жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелері:

1) сандық критерийлер: ай сайын тауарлар мен елдер бойынша iшкi сауда айналымы талдауының нәтижелерiн беру;

жүк кеден декларациясы деректерiн өңдеуге кететiн уақытты үнемдеу;

экспорт пен импорттың сандық және құндық өзгерістерiн салыстырмалы талдауды жүргiзу.

2) сапалық критерийлер:

iшкi сауда ахуалын талдауды жүргiзудiң жеделдiгi деректердi қолмен өңдегенде кетуi мүмкiн қателер мен ауытқушылықтарды болдырмау;

экспортты және (немесе) импортты мемлекеттік реттеу шараларын қабылдау қажет тауарларды анықтау;

әлемнiң әртүрлi елдерiнiң тауарларының орташа құнын есептеу және талдау мүмкiндiгi.

3) тиiмділiк критерийлерi:

кедендiк-тарифтiк саясатты жетiлдiру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар алу мүмкiндiгi;

iшкi рынокты қорғауға бағытталған ұсыныстарды уақытында әзiрлеу;

4) нәтижелілiк критерийлерi:

Қазақстан Республикасының iшкi сауда айналымындағы тауарлар мен елдер бойынша өзгерістердi жедел талдау;

импорттық (экспорттық) кеден баждарының өзгерістерi бойынша объективтi ұсыныстар әзiрлеу;

қорғау демпингке қарсы және өтемдiк шараларды қолдануға ықпал ететiн реттеулердi мақсатқа сай жүргiзу туралы уақытында ұсыныстар әзiрлеу.

Экспорттық бақылауға түсетін өнiмдi бақылаудың 80 процентiн қамтитын экспорттық бақылау саласындағы республикалық бақылау-ақпараттық жүйенiң жұмыс қабiлетiн жетiлдiру жүйенi, экспорттық бақылауды жетiлдiру үшiн инфрақұрылым құру, лицензиаттардың деректер базасын құру.


ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 289 қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

289-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру"

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 1600000 мың теңге (бір миллиард алты жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инновациялық инфрақұрылымның негiзгi элементi және Қазақстан экономикасының жаңа салаларын құру үшiн орта ретiнде - Қазақстанның өңiрлерiнде үш технопарк құру, технологиялардың индустриялық-инновациялық жобаларын, трансфертiн дамыту, ғылыми және өндiрiстiк әлеуеттi, даму институттарының күшiн шоғырландыру орындарын бірiктiру және инновациялық жобалар үшiн көмекшi қызмет көрсетулер жасау; бірiншi кезекте "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймақ құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: технопарктердiң жарғылық қорын қалыптастыру, "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын қалыптастыру және дамыту; бірiншi кезекте Парктың тұрпаттық инфрақұрылымының бөлiмiн құру;

қазiргi заманғы экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы бағдарламалық және техникалық ақпараттар мен байланыстардың отандық өндiрiсiн ұйымдастыру.

ҚР Үкіметінің 2004.31.12. № 197ааб қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

ҚР Үкіметінің 2004.31.12. № 197ааб қаулысымен 7-тармақ өзгерді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: 2004 жылы, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мақсатты iс-қимылдардың алғашқы жылы негiзгі нәтижелер ұйымдық қорытындылар мен бірыңғай инновациялық жобалар болады:

инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырудың тұжырымдамалық негiзiн қалыптастыру;

Қазақстанның өңiрлеріндегі үш технопарктiң және Ақпараттық технологиялар паркiнiң және басқарушы компаниялардың тұрпаттық инфрақұрылымын құру;

жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 1-кезектегі Ақпараттық технологиялар паркінің құрылысы;

Ақпараттық технологиялар паркiнiң бас жоспарын әзiрлеу;

ақпараттық технологиялардың 5 халықаралық және өңiрлiк көрмелерiне қатысу, Қазақстанда отандық кәсiпкерлер мен ғылыми ұйымдар үшiн 3 семинар өткізу.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

290-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Қазақстан келісім-шарт агенттігi" АҚ жарғылық

капиталын ұлғайту"

деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 93000 мың теңге (тоқсан үш миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Отандық тауар өндiрушiлердi мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1204 қаулысы, "Отандық тауар өндiрушiлердi мемлекеттік қолдауды күшейту жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 955 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджетінің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мұнай өндiру операциялары мен Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер сатып алу конкурстарына қатысуға отандық тауар өндiрушiлердi тарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 90 отандық тауар өндiрушiлердi тарту және Мұнай өндiру жөніндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сатып алуға конкурстарда олардың мүдделерiн заңнамада белгіленген тәртiпте қадағалануын қамтамасыз ету, қазақстандық кәсiпорындарға озық технологияларды тарта отырып, жаңа өндiрiстер құруға жәрдемдесу, тиiсті мониторингті жүзеге асыру, орталық және жергілiкті атқарушы мемлекеттік органдарға консультациялық қызметтер көрсету.


ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 290-1 қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

290-1-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Қазақстан Республикасының Біртұтас экономикалық

кеңiстікті қалыптастыруға қатысу үлесi"

деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 69300 мың теңге (алпыс тоғыз миллион үш жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бірыңғай экономикалық кеңiстiктi құру туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 549 Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бірыңғай экономикалық кеңiстiктi құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Бірыңғай экономикалық кеңiстiктi құру үшiн қажеттi келісімдер әзiрлеудi қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Біріңғай экономикалық кеңiстiктi құру.


ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 290-2 қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

290-2-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

""Ұлттық инновациялық қор" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" деген 023

республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 10500000 мың теңге (он миллиард бес жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi № 333 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2004 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, "Ұлттық инновациялық қор" ашық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысы, "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостанциялық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы инновациялық белсендiлiктi көтеру және жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу. Ғарыштық аппараттар мен байланыс мониторингі жүйесiн басқарудың жер кешенiнiң жанама геостанциялық орбитасын, телекоммуникациялық спутнигін жасау және жеткізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Инновациялық әзiрлемелердi енгізуге және коммерциялауға, венчурлық қорларды құруға, технопарктер, технополистер мен басқа ұлттық инновациялық инфрақұрылымдардың элементтерiн құруға қатысуға, ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргiзуге, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның қаржылық тұртақтылығын қамтамасыз етуге, оның халықаралық стандартқа сәйкес институционалдық-ұйымдастырушылық дамуына арналған "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның инвестициялар көлемiн ұлғайту, телекоммуникациялық спутнигiнiң геостанционарлық орбитасын жасау және жеткізу жөніндегі аралық жұмыстар.